Сығанақ көшесі, 15. Күн сайын 10:00–21:00.
Біз туралы
Сығанақ көшесі, 15. Күн сайын 10:00–21:00.


Kaidarova — заманауи этника бренді. Біз Қазақстанның мәдениеті мен табиғатынан шабыт алған авторлық принттері мен ою-өрнектері бар киім, аксессуарлар және үйге арналған бұйымдар жасаймыз.
Топтамаларымызда — қазақ нақыштары бар кардигандар, свитерлер, жилеттер мен бомберлер: MÜYIZ-дің көлемді 3D-оюы, өзіңе, жақындарыңа және туған үйіңе деген сүйіспеншілік туралы MAHABBAT принті, туған жермен байланыс туралы ZHER.
KAIDAROVA HOME желісінде — BAURSAQ пен QURT шамдары және қолмен боялған ағаш шырша ойыншықтары. Жеке тапсырыспен де жұмыс істейміз: тойға және қыз ұзатуға арналған көйлектер, авторлық принті бар жиһаз.